Хабарландыру!
Қамқоршылық кеңестің сайлану
Конкурсының өткізілуі туралы
«Арқалық қаласы білім бөлімінің А. Макаренко атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ Қамқоршылық кеңесті қалыптастыру және оның құрамы бойынша ұсыныстар қабылдайтынын хабарлайды.
Қамқоршылық кеңес - білім беру ұйымдарының дамуына ықпал ететін және білім беру ұйымдарының қызметіне қоғамдық бақылауды қамтамасыз ететін алқалы басқару органы болып табылады.
Шақырылады: жергілікті өкілді, атқарушы және құқық қорғау органдарының, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері.
«Білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларына» (ҚР БжҒМ 27.07.17ж. №355 бұйрығы) сәйкес Қамқоршылық кеңес құрамы бойынша ұсыныстар күтеміз.
Ұсыныстар 2025 жылдың 02 - 21 мамыр аралығында (хабарландыру шыққаннан кейінгі 20 күн ішінде) қабылданады.
Үміткерлер Қамқоршылық кеңесті сайлау және оның құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау туралы хабарламада көрсетілген мерзімде
Комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтінім (еркін түрде);
2) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) қазақ немесе орыс тілдеріндегі түйіндеме;
4) білімі бар екендігі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);
5) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығының және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жоқтығын растайтын құжаттар.
Үміткерлер өздерінің кәсіби (немесе) қоғамдық қызметі туралы қосымша мәліметтер ұсынады.
Қабылдау бөлімі тел: 3-12-12
Электрондық адрес: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Ескерту: Қамқоршылық кеңеске мүше болу үшін өтініштер жергілікті білім ұйымына өткізіледі.
13 Мамыр 2025
Жаңалықтар
Хабарландыру! Қамқоршылық кеңестің сайлану конкурсының өткізілуі туралы

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар