Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы 14 наурыздағы №07-17-593 хатын басшылыққа ала отырып, қашықтықтан оқыту барысында оқу бағдарламасындағы күрделі тақырыптарды толық меңгере алмау қаупін ескеріп, көктемгі каникул кезінде оқушылардың ата-аналарының немесе заңды өкілінің келісімі негізінде қосымша сабақтар және консультациялар 2025 жылдың 26-28 наурызы аралығында А.Макаренко атындағы жалпы білім беретін мектепте ұйымдастырылады. 4, 9 сынып оқушыларының математикалық, оқу және жаратылыстану сауаттылығын қалыптастыру үшін пән мұғалімдері 2025 жылдың 26 наурызынан қосымша сабақ өткізді, жалпы 30 оқушы қатысты.
