17 Нау 2025
Жаңалықтар

Ұлттық киім – ұлтымыздың келбеті

Мектебіміздің 7 “А” сынып оқушысы Қуатбек Зере «Жас Ұлан» балалар ұйымы ұйымдастырған «Ұлттық киім – ұлтымыздың келбеті» байқауына қатысып, жүлделі 1-орынды иеленді!

Байқаудың мақсаты:

Қазақтың салт-дәстүрін, мәдениетін және ұлттық киімдерінің мәні мен мағынасын оқушылардың бойына сіңіру. Халқымыздың өнегелі тәлім-тәрбиесін, бай ұлттық болмысын жас ұрпаққа насихаттап, эстетикалық тәрбие беру.

Байқаудың міндеттері:

  • Оқушылардың ұлттық сана-сезімін ояту;
  • Салт-дәстүрді құрметтеуге үйрету;
  • Ұлттық тағамдардың түрлерін ажырата білу;
  • Ұлттық киімнің мағынасын ашып, қадірін түсіну.

Байқау 3 кезеңнен тұрды:

  1. «Сәлем – сөздің анасы» – Өзін-өзі таныстыру
  2. «Ұлттық киім – ұрпаққа мұра» – Ұлттық киімдерден сән үлгісін көрсету және сұрақтарға жауап беру
  3. «Қазақ дастарханы – береке бастауы» – Қазақтың ұлттық тағамдарын дайындап, оның жасалу жолын түсіндіру

Зеренің бұл жетістігі – ұлттық құндылықтарды дәріптеуге қосқан зор үлесі.

Жеңісіңмен құттықтаймыз! Болашағың жарқын болсын!

Тәлімгерлері:

Шпекбаева Айдана Қунакбаевна

Ораз Айшат Рамазанқызы

#ҰлттықКиім #МәдениМұра #ЖасҰлан #Жеңіс #ҰлттықҚұндылық

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар