02 Желт 2024
Жаңалықтар

Оқушылардың жетістіктері!

Мектебіміздің 9 “А” сынып оқушысы Сұлтанбек Аружан Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы ұйымдастырған ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың III (облыстық) кезеңінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен III дәрежелі дипломға ие болды!

Бұл жеңіс – Аружанның білімге деген зор ынтасы мен үздік дайындығының жемісі. 

Алдағы уақытта бұдан да жоғары биіктерді бағындыруына тілектеспіз!

Пән мұғалімі:Ораз Айшат Рамазанқызы

Мектебіміздің 6-сынып оқушысы

Тыным Ақнұр Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы ұйымдастырған қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінде III орын иеленді! Ақнұрдың бұл жетістігі – оның білімге деген құштарлығы мен табандылығының нәтижесі. Алдағы уақытта биік белестерді бағындыра беруіне тілектеспіз!

Пән мұғалімі:Ораз Айшат Рамазанқызы

Ағылшын тілі пәні бойынша Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінде мектебіміздің 5а сынып оқушысы Тыным Інжу жүлдеді ІІ-орынға ие болды. Жетекшісі: Темиржанова С.Б.

ІІ дәрежелі диплом. Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың ІІІ (облыстық) кезеңінің қазақ тілінде оқытатын мектептегі орыс тілі пәнінің жеңімпазы 9-сынып оқушысы Қасымов Бағнұр. Жетекшісі:Уразакова Г.Г.

 

«Алтын сақа» олимпиадасының қалалық кезеңінде математика пәнінен 6 «б» сынып оқушысы Тур Виктория 2 орынға ие болды. Жетекшісі: Михайлова Ольга Николаевна

«Алтын сақа» олимпиадасының қалалық кезеңінде математика пәнінен 5 «б» сынып оқушысы Уразакова Адель 1 орынға ие болды. Жетекшісі: Михайлова Ольга Николаевна

«Алтын сақа» олимпиадасының қалалық кезеңінде математика пәнінен 5 «а» сынып оқушысы Жаңаберген Айару 2 орынға ие болды. Жетекшісі: Есламбек Нұрдаулет.

«Алтын сақа» олимпиадасының қалалық кезеңінде математика пәнінен 6 «а» сынып оқушысы Тыным Ақнұр 2 орынға ие болды. Жетекшісі: Есламбек Нұрдаулет.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінде 5-сынып оқушысы Жаңаберген Айару ІІІ орынға ие болды.

Жетекшісі: Жаксылыкова Гаухар Алибекқызы.

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар